Ақтөбе облысы Қарғалы ауданында қоқыс полигонынан пакетке салынған шақалақ табылды, деп хабарлайды inbusiness.kz ҚазАқпарат тілшісіне сілтеме жасап.
Облыстық ПД баспасөз қызметінің айтуынша, Қарғалы ауданы полициясының кезекші бөліміне Қарғалы ауданы Бадамша ауылы маңындағы "Рождество-Дөң" тас жолының бойында орналасқан қоқыс полигонынан қара полиэтилен пакетте шақалақтың денесі табылғаны туралы хабар түскен.
"Оқиға орнына жедел-тергеу тобы жіберілді. Аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 100-бабы, яғни "Жаңа туған баланы анасының өлтiруi" бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталып, сәбидің анасын анықтау бойынша жедел іс-шаралар жүргізіліп жатыр", - деп хабарлады облыстық ПД баспасөз қызметі.