Ақтөбеде қоқыс шығарумен айналысатын компаниялар жұмысын тоқтатты

1439

Әзірге мәселе шешілмейінше шығынға батқан компаниялардың орнына басқа компаниялар қоқысты тегін шығарады.

Ақтөбеде қоқыс шығарумен айналысатын компаниялар жұмысын тоқтатты

"№27 басқарушы компания" және "Таза Лайф" жеке кәсіпкері енді қоқыс шығармайды. Әкімдік осы жағдайдан соң жедел штаб құрды, деп хабарлайды Aktobenews.kz.

Қалалық әкімдік таратқан мәліметке сүйенсек, қазір қоқыс шығару тарифі тым төмен. Ақтөбеде әр адамға ай сайын – 104 теңге. Бұл еліміздегі ең төмен тариф. Сонымен қатар тұрғындардың 60% қоқыс шығару төлемін жасамай жүр.

"Осының барлығы қоқыс шығаратын компаниялардың қаржылық жағдайына кері әсер етті. Сондай-ақ ірі қоқыстар, яғни, жиһаз, құрылыс қалдықтарын шығару тарифке енгізілмеген. Бірақ қатты қалдық тасымалдаушылар бұл жұмысты да қатар атқарады", – делінген ресми мәлімдемеде.

Қала әкімі Мавр Абудллиннің тапсырмасымен жедел штаб құрылған. Әзірге мәселе шешілмейінше шығынға батқан компаниялардың орнына басқа компаниялар қоқысты тегін шығарады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу