Ақтөбеде қоқыс тазалау үшін тариф екі есе өсті

603

Қаланың тазалығымен айналысатын мекемелер әкімдікке тарифті өсіруге ұсыныс айтқан. 

Ақтөбеде қоқыс тазалау үшін тариф екі есе өсті Фото: inbusiness.kz

Бұрын мысалы, жеке тұрғын үй секторындағылар қоқыс шығарғаны үшін адам басына айына 180 теңге, ал көпқабатты үйде тұратындар 200 теңге төлейтін. Енді алдағы айларда 417-450 теңгеге қымбаттамақшы. Себеп ретінде  соңғы уақытта  жанар-жағармайдың, көлік бөлшектің қымбаттауын, жұмысшылардың айлығын өсіргенін алға тартқан.

180-200 теңге деген тариф 2020 жылдан бері келе жатыр. Тазалық мекемелері бұған дейін де  тарифті қайта қарау туралы ұсыныстарын айтып келген болатын. Әрі Ақтөбеде қызмет құны өзге өңірлермен салыстырғанда ең төмен екенін де алға тартты. Барлығын ескеріп, қоғамдық тыңдау өткізіп, қалалық мәслихатқа жаңа тарифті белгілеуді ұсындық. Мақұлданды. Қазір құжаттар  әділет департаментіне жолданды. Шілде-тамыз айларынан бастап абоненттер жаңа  тариф бойынша төлейтін болады,- деді Ақтөбе қалалық түй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің сектор меңгерушісі Серік Дәулетов.

Коммуналдық төлем бағасы өскеннен кейін тазалаушы мекемелерге де талап күшейе түседі. Олар техникаларын жаңалауды қадағалап, қоқыс шығару кестесін қайта қараймыз деді әкімдіктегілер. Ақтөбенің тазалығына қазір үш мекеме жауапты. Қалада барлығы 600 мыңнан астам абонент бар. Бірақ, әкімдік олардың 40% төлемді уақытылы жасамайды деп отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу