"Анасы әлі табылмады": Ақтөбеде қоқыстан табылған сәбиге Батыр есімі берілді

1025

Қазір сәби облыстық балалар ауруханасында ем қабылдап жатыр.  

"Анасы әлі табылмады": Ақтөбеде қоқыстан табылған сәбиге Батыр есімі берілді Фото: pexels.com

Қоқыс жәшігінен табылған жаңа туған нәрестенің жағдайы бақылауда. Оған Батыр есімі берілді, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Мамандардың айтуынша, нәресте ауруханаға түскен кезде салмағы 2 келі 900 грамм болған. Қазіргі таңда оның салмағы 3 келіден асып, денсаулығында оң өзгерістер байқала бастаған. Дегенмен дәрігерлер сәбидің жағдайын әлі де орташа ауырлық дәрежесінде деп бағалап отыр.

Ақтөбе облыстық Денсаулық сақтау басқармасының бөлім басшысы Әлия Шарбақованың мәліметінше, "Балаға қажетті барлық медициналық көмек көрсетіліп жатыр. Денсаулық жағдайына қатысты рәсімдер толық аяқталған соң, нәресте "Үміт" сәбилер үйіне орналастырылады".

Әзірге баланың анасы табылған жоқ. Құқық қорғау органдары оның жеке басын анықтау және оқиғаның мән-жайын тексеру жұмыстарын жалғастырып жатыр. Тергеу жалғасуда.

Осыдан 10 күн бұрын Ақтөбеде қоқыс жәшігінің ішінен жаңа туған нәресте табылды. Сәбидің жылаған дауысын естіген тұрғындар дереу полиция мен жедел жәрдем қызметін шақырған. Нәресте дер кезінде ауруханаға жеткізіліп, дәрігерлердің көмегі арқасында аман қалды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу