Ақтөбеде қоқысқа тариф көтеріледі

1138

Ақтөбе қаласында 3 компания қоқысты тазартып келген болатын. Қазір оның екеуі жұмысын тоқтатып, бір компания жүктеме алды. 

Ақтөбеде қоқысқа тариф көтеріледі

Ақтөбе қаласының әкімі Мавр Абдуллин қоқыс тазарту тек тарифті көтерген жағдайда ғана мүмкін екенін айтты, деп хабарлайды Aktobenews.kz.

Ақтөбе қаласында 3 компания қоқысты тазартып келген болатын. Қазір оның екеуі жұмысын тоқтатып, бір компания жүктеме алды. Алдағы уақытта тағы бір компания құрылып, бар жұмысты екі мекеме атқаратын болады. Бұл туралы қала әкімі өз есебінде айтты.

"Тариф бізде арзан. Бір адамға 104-105 теңге. Екі компания тарифтің төмендігіне байланысты жұмысын әлсіретіп, кейбір территорияны тапсырды. Бәрін бір компания алды. Тағы бір компания осы жұмысты қолға алу үшін Ресейден көлік сатып алуға кетті. Бір айда қоқыс шығару ісі толығымен шешіледі. Оған дейін көшелер кезегімен қоқыстан тазартылады. Тариф көтерілмей, шаруа шешілмейді. 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап көтеріледі. Депутаттармен бекітілді",– деді қала әкімі Мавр Абдуллин.

Облыс басшысы бақылауды күшейтуді тапсырды.

"Бұл күнделікті көзге түсетін нәрсе. Өзіміздің қаламыздың мұндай жағдайда болғаны ұят. Тариф мәселесі қоғамдық кеңеспен бірге шешіледі", – деді өңір басшысы Оңдасын Оразалин.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу