Ақтөбеде Көкжиде құмындағы жерасты және жерүсті суына мониторинг жүргізіледі

137

Зерттеу жұмыстарын жүргізуге бюджеттен 97 млн теңге бөлінді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.  

Ақтөбеде Көкжиде құмындағы жерасты және жерүсті суына мониторинг жүргізіледі Фото: Атырау газеті

Көкжиде құмды массивінің жерасты және жерүсті суларының сапасына мониторингтік бақылау жүргізудің негізгі мақсаты – техногендік ластануын анықтау және қорғау жөніндегі ұсынымдарды әзірлеу. 

Ақтөбе облыстық табиғи ресрустар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы "Көкжиде құмына" мониторинг жасау үшін Мемлекеттік сатып алу конкурсын өткізді. Конкурсқа барлығы үш компания қатысып, "Ақпан" ЖШС-і жеңімпаз атанды. Жоба құны – 97 млн теңге. Тапсырыс берушінің талабына сүйенсек, сынамалар дұрыс іріктелуі тиіс. Зерттеу кезінде мердігер кез келген немесе бірнеше аккредиттелген зертханаларда талдау жүргізуге құқылы.

Сынамаларды өңдеу уақыты зертхананың мүмкіндігіне байланысты болады, бірақ келісілген мерзімде қорытындысы шығуы тиіс. Құжатта мониторингтік бақылау қыс, көктем, жаз, күзде жүргізіледі деп көрсетілген.

Тексерілетін ұғымалар: 

  •  Құм массиві шегіндегі жер асты суларының мемлекеттік мониторингтік желісінің бақылау пункттерінде 20 ұңғыма;
  • Облыстық табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының ведомстволық мониторингтік желісінде 12 ұңғыма;
  • Көкжиде кен орнының мониторингтік желісіде 38 ұңғыма;
  •  "СНПС-Ақтөбемұнайгаз" АҚ-да 8 ұңғыма;
  •  "Фирма АДА Ойл" ЖШС-де 23 ұңғыма;
  •  "КМК Мұнай" ЖШС-де 15 ұңғыма;
  •  "Өріктау Оперейтинг" ЖШС-де 3 ұңғыма;
  •  "ҚазақОйлАқтөбе" ЖШС-де 5 ұңғыма. 

Айта кетейік, су сынамасы су тасқынына дейін, су тасқыны кезінде және кейін алынады. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу