Ақтөбеде көлігін сатуға кеткен әйел өлі табылды

238

Ақтөбеде базарға көлігін сатуға кеткен 55 жастағы әйел адамның мәйіті табылды, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Ақтөбеде көлігін сатуға кеткен әйел өлі табылды Фото: ru.freepik.com

Әйел адамның көлігін сату үшін автокөлік базарына барған. Ал одан кейін оны ешкім көрмеген. Туыстары полицияға хабар берген. Іздеу жұмыстарына ондаған ерікті жұмылдырылып, әлеуметтік желіде жоғалған әйелдің суретін жариялады.

Көп ұзамай, ер адам ұсталды. Артынша, полиция әйел адамның мүрдесін қала маңынан тапты. Оның денесінен зорлық-зомбылық белгілері бар.

"Кісі өлтіру, қарақшылық баптары бойынша қылмыстық істер қозғалды. Күдікті ұсталды. Іс бойынша сараптамалар тағайындалды, тергеу әрекеттері жүргізілуде. Тергеу полиция департаменті бастығының бақылауында", –  деп хабарлады ПД баспасөз қызметі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу