Ақтөбеде көлік қаққан 2 оқушы жансақтау бөлімінде жатыр

499

Жүргізуші іздестірілуде.

Ақтөбеде көлік қаққан 2 оқушы жансақтау бөлімінде жатыр

Ақтөбеде көлік қағып кеткен оқушылар жансақтау бөлімінде жатыр, деп жазады inbusiness.kz КазТАГ сайтына сілтеме жасап.

"29 қыркүйекте сағат 21:40 шамасында анықталмаған автокөліктегі (куәгерлердің айтуы бойынша ақ түсті ВАЗ 2121 (Нива) маркалы көлігі) жүргізуші Тәуелсіздік даңғылында жолдың жүру бөлігін кесіп өткен 8 және 9 жасар жаяу жүргіншілерді соғып кетіп, оқиға орнынан ізін суытты. Жол-көлік оқиғасы салдарынан оқушылар Ақтөбе жедел медициналық көмек ауруханасының реанимация бөлімшесіне жатқызылды", – деп хабарлады облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Бұл оқиға бойынша Қылмыстық Кодекстің 345-бабы 2-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті іздестіріліп жатыр. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу