Ақтөбеде көлік тізгіндеген әйел шұңқырға түсіп кетіп, бірнеше үй газсыз қалды

536

Жүргізуші әйел мас болған. 

Ақтөбеде көлік тізгіндеген әйел шұңқырға түсіп кетіп, бірнеше үй газсыз қалды Фото: видео скриншот

Ақтөбе қаласы Алтын орда шағын ауданында 8 тұрғын үй кешені газсыз қалды. Мас күйінде көлік жүргізген әйел шұңқырға түсіп кетіп, құбырды зақымдаған, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Оқиға бүгін сағат таңғы 06:30 шамасында болды. Облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұловтың айтуынша, Mercedes маркалы автокөлігінің 39 жастағы жүргізушісі жол құрылысы кезінде қазылған шұңқырға түсіп кеткен. 

"Жүргізуші әйел мас болған. Жол-көлік оқиғасы кезінде ол зардап шекпеді. Қазіргі кезде хаттама толтырылып, іс шешім шығару үшін әкімшілік сотқа жіберілді", - деп хабарлады облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.

Ал Ақтөбе қаласы әкімінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, 8 тұрғын үй, оның ішінде 560 пәтер газсыз отыр. Қазіргі кезде газ қызметі қалпына келтіру жұмыстарын жүргізіп жатыр. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу