Ақтөбеде бесінші сынып оқушылары көлікті ұрлап кеткен, деп хабарлайды inbusiness.kz "Мой город" порталына сілтеме жасап.
Басылымның жазуынша, желіде көліктің электр бағанына соғылғаны бейнеленген жазба тарады. Оқиға орнына полиция көлігі жедел жеткен. Бейнежазба авторы көлік тізгінінде 10 жасар бала болғанын айтады. Сөзінше, оқушы көлікті ұрлап кеткен.
Ақтөбе облыстық полиция департаменті оқиғаға қатысы бар балалардың полиция бөлімшесіне жеткізілгенін хабарлады. Оқушылар ұрланған көлікті айдаған. Жол-көлік оқиғасынан соң олар ата-аналарына берілді.
Белгілі болғандай, Renault Sandero көлігінің жүргізушісі көлікте кілтін қалдырып кеткен.
Бұл дерек бойыша Қылмыстық Кодекстің "Автомобильдi немесе өзге де көлiк құралын жымқыру мақсатынсыз құқыққа сыйымсыз иеленіп алу" 200-бабы бойынша іс қозғалды.