Ақтөбеде коммуналдық қызметтердің бірыңғай call орталығы іске қосылды

689

Бірыңғай байланыс орталығы пилоттық тәртіпте жұмыс жасайды.

Ақтөбеде коммуналдық қызметтердің бірыңғай call орталығы іске қосылды

Ақтөбеде өңірінің басшысы энергия тиімділігі орталығына жұмысымен танысты.

Орталық ғимараты күн панельдерімен, газ поршеньді стансамен, геотермальді жүйемен, сонымен қатар жел генераторымен жабдықталған. Мұнда қала тіршілігінің қамтамасыз етілуін және ТКШ инженерлік жүйелерін бақылау орталығы, ХҚО, облыстық ІІД-нің жедел басқару орталығы, Ақтөбе қаласының Алматы аудандық әкімінің аппараты жұмыс жасайды.

Ақтөбе әкімі Ілияс Испанов өңір басшысына "Қауіпсіз қала", "Ақылды ТКШ" бағыттары бойынша "Смарт сити" жобаларының  жүзеге асырылуы, геоақпараттық портал жұмысы, "Aktobe bus" қосымшасы жайлы мәлімет берді.  

Орталық жұмысымен танысып шыққан Оңдасын Оразалин қаланың тіршілік әрекетінің барлық салаларындағы цифрлық технологияларды әрі қарай дамытудың  маңыздылығын атап өтті. Осы жерде оған "109"  колл орталығы таныстырылды.

Коммуналдық қызметтердің бірыңғай байланыс орталығы пилоттық тәртіпте жұмыс жасайды. Ақтөбеліктер коммуналдық-тұрмыстық сипаттағы сұрақтар бойынша 109, 909-605 (қалалық телефоннан), 87787463333 (ұялы телефоннан) нөмірлеріне тәулік бойы хабарласа алады. Халықтан дабыл алған операторлар ақпаратты тиісті қызметтер мен мемлекеттік органдарға жіберіп, проблема шешілгенше оны бақылауда ұстайды. Жұмысқа барлық ПИК, коммуналды қызметтер, қаладағы басқарушы компаниялар, қаланың аудандық әкімдіктері қосылған. Орталық тәулік бойы қызмет көрсетеді.  

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу