Ақтөбеде контрабандалық жолмен шетелге 30 мың тонна жанармай экспорттағандар ұсталды

91

Бұл туралы ҚР Ішкі істер министрлігі хабарлады.  

Ақтөбеде контрабандалық жолмен шетелге 30 мың тонна жанармай экспорттағандар ұсталды Фото: polisia.kz

Қараша айында Ақтөбе облысында полицейлер мұнай өңдеудің бастапқы өнімін жалған құжаттар арқылы ұрлау және тасымалдаумен айналысқан топтың қылмысын әшкереледі, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Екі өңірде ұйымдастырушылардың нұсқауымен шамамен 60 тонна мұнай өнімін заңсыз тасымалдаған жүк көліктерінің жүргізушілері ұсталды.

Тұрғын үйлер мен бір кәсіпорында жүргізілген тінтулер барысында шамамен 400 тонна мұнай өнімі, сондай-ақ атыс және газ қарулары, заңға қайшы операцияларды растайтын құжаттар тәркіленді.

Қылмыстық іс шеңберінде шетелге мұнай өнімдерін контрабандалық жолмен шығару арнасына тартылған компанияның қызметі тексеріліп жатыр. 

Алдын ала деректер бойынша кәсіпорын құны шамамен 8 млрд теңгені құрайтын 30 мың тоннадан астам жанармайды экспорттаған. Қазан айында мемлекеттік шекарадағы теміржол өткізу пункттерінің бірінде осы компанияға тиесілі, көрші мемлекетке 300 тонна жанармай алып бара жатқан 4 вагон анықталды.

Анықталған барлық дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде, тиісті сараптамалар тағайындалды.

Тергеу мүддесіне байланысты өзге мәліметтер жария етуге жатпайды.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу