25 маусым күні сағат 08:26-да 112 құтқару қызметіне Ақтөбе қаласы, Әлия Молдағұлова даңғылы бойындағы көппәтерлі тұрғын үйлердің бірінде өрт шыққаны туралы хабарлама келіп түскен, деп жазады inbusiness.kz ҚР ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Өртті сөндіруге Ақтөбе облысы жеке құрамының 16 құтқарушысы мен 5 бірлік өрт техникасы жұмылдырылды.
Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ. Құтқарушылардың жедел іс-әрекетінің нәтижесінде өрт тараған жоқ, баспалдық арқылы 13 адам, оның ішінде 3 бала эвуакацияланды.
Өрт сағат 08:52-де толықтай сөндірілді. Өртің алаңы 10 шаршы метрді құрады.
Өрттің шығу себебі анықталуда.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу