Ақтөбеде көпқабатты үйдің жанынан ер адамның денесі табылды

496

Мәйіт кеше Есет батыр ауданынан табылған. 

Ақтөбеде көпқабатты үйдің жанынан ер адамның денесі табылды Фото: inbusiness.kz

Қылмысқа қатысы бар деген күдікпен 37 жастағы ер адам ұсталды. Ол –Ақтөбе қаласының тұрғыны екені анықталды.

Ақтөбе облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, Қылмыстық кодекстің "Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтiру" бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалған.

Қылмыстық істі тергеу шеңберінде өзге де ақпарат жария етілуге жатпайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу