Ақтөбеде қор директоры ерекше балалардың еміне бөлінген қаржыны жымқырғаны үшін қамауға алынды

291

 Қылмыстық іс бойынша алты жәбірленуші өтіп жатыр, азаматтардан жиналған қаржы 30 млн теңгеден асты.

Ақтөбеде қор директоры ерекше балалардың еміне бөлінген қаржыны жымқырғаны үшін қамауға алынды Фото: Polisia.kz

Ақтөбе облысының полициясы балаларды емдеуге жинаған ақшаны заңсыз иемденді деген күдіктіні ұстады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

ІІМ ресми сайтының мәліметінше, полицияға Ақтөбе қаласының бірнеше тұрғыны “More life” қорының өкілдеріне қатысты арызданды. Жәбірленушілердің айтуынша, қор директоры емделуге қаражат жинауға көмек көрсетемін деген сылтаумен ақшаны заңсыз иемденген. Қылмыстық іс бойынша алты жәбірленуші өтіп жатыр, азаматтардан жиналған қаржы 30 млн теңгеден асты.

Бір жағдайда, 2023 жылы қор мен емделуге мұқтаж баланың ата-анасы арасында келісім жасалған. Қажетті соманы жинағаннан кейін қор ата-ананы баласымен бірге емдеуге Беларусь Республикасының Минск қаласына ақшасыз жіберген. Қор әртүрлі сылтаулармен ақша аударымын жібермеген. Салдарынан бала тиісті ем қабылдамаған, ал ата-анасы бөтен елде көмексіз қалған.

Алаяқтық фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр. Тергеу жұмыстары аясында тергеу әрекеттерін жүргізу үшін халықаралық тапсырмалар жолданды. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Полиция департаменті аталған қордың әрекетінен зардап шеккендердің барлығын дереу полицияға хабарласуды сұрайды.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу