Ақтөбеде қоршаған ортаға зиян келтірген компаниялар 30 миллион теңгеден төлейтін болды

1128

Өзен арналарын отаған мердігерлерге айыппұл салынды.

Ақтөбеде қоршаған ортаға зиян келтірген компаниялар 30 миллион теңгеден төлейтін болды

Ақтөбелік экологтар өзен арналарына тазарту жұмыстарын жасаған төрт мердігер компанияның заңсыз әрекеттерін әшкереледі, деп хабарлайды Aktobenews.kz.

Олар қаладағы 8 өзеннің жағасын тазалауды өткен жылы бастап кеткен болатын.

"Өзен арналарын тазалауға қатысты мердігер компаниялар жұмысына облыстық прокуратура сараптама жасады. Нәтижесінде мердігер компания экологиялық рұқсат қағаздарын алмағаны анықталды. Осыған қатысты тиісті шаралар қолданылып жатыр. Компаниялардың әрқайсысына 50 АЕК көлемінде айыппұл салынады. Сонымен қатар, қоршаған ортаға келтірген зияны үшін әрқайсысынан 30 миллион теңге төлеттіруге нұсқама беріледі", – дейді облыстық экология департаменті басшысының орынбасары Ерболат Қожықов.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың өзі Қазақстанның бас экологына Ақтөбедегі жағдайды қалыпқа келтіруді тапсырды. Экология министрі Мағзұм Мырзағалиевтің өңірге сапарынан кейін жергілікті экологтардың жұмысы жанданды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу