Ақтөбеде көшелер мен субұрқақтар жөнделіп жатыр

805

Бұл жұмыстар алдағы күзге дейін бітуге тиіс. 

Ақтөбеде көшелер мен субұрқақтар жөнделіп жатыр

Ақтөбе қаласында алпыс жылдан астам уақыт жөндеу көрмеген Қаратаев және Махамбетов көшелерінің арасындағы жолға асфальт төселе бастады. Мердігер мекеме "АССАНА-ДорСтрой" ЖШС қыркүйекке дейін 1164 метр жолға асфальтбетон жабындысын төсеу жұмыстарын аяқтауды, бүйір тастар орнатуды жоспарлап отыр. Мекеме көшелерді орташа жөндеу жұмыстарын қыркүйек айында аяқтамақ.

"Биыл біз жүз аулаға асфальт төсеуді жоспарлап отырмыз. Алдымен "Тұрғын үй қалашығы" ауданындағы, қаланың көне бөлігіндегі аудандарды қолға алдық. Бұл жұмыспен ұзақ жылдар бойына ешкім айналыспаған. Футбол ойнайтын, воркаут алаңдарын орнатамыз деп отырмыз. Осылайша, барлық проблемалар біртіндеп шешіле бермек",– деп нақтылады облыс әкімі Оңдасын Оразалин қала тұрғындарымен кездесуінде.  

Сондай-ақ, Ақтөбе қаласында өткір тұрған мәселенің бірі – субұрқақтар жайы да қатаң қолға алынбақ. Қалада қазіргі күні 22 субұрқақ бар, бірақ, оның ең ірі деген үшеуі жұмыс жасамай тұр. Ал тағы бір ескі субұрқақ жөндеу көп шығын келтіретін болғандықтан, мүлдем алынып тасталып, орнына гүлзар орнатылатын болған. Бір қызығы, жұмыс істеп тұрған субұрқақтардың да кейбірі қалалықтардың көңілінен шықпаған. Мәселен, Абай даңғылындағы үнемі әуен ойнап тұратын субұрқаққа сол маңайда тұратын тұрғындар "арасында музыкадан демалғылары келетінін" айтып шағымданған. Қалай болғанда да, қалада субұрқақ тапшы. Сол себепті, аймақ басшысы қала әкімі Асхат Шахаровқа барлық субұрқақтарды 1 тамызға дейін іске қосу жөнінде тапсырма берді. 

Құралай Қуатова
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу