Ақтөбеде құдыққа құлап кетіп, күйік шалған әйел көз жұмған

123

Марқұмның өліміне кінәлілер әлі анықталмады.  

Ақтөбеде құдыққа құлап кетіп, күйік шалған әйел көз жұмған Фото: diapazon.kz

Қайғылы оқиға 18 шілде күні болған.  Ақтөбе қаласының тұрғыны Гүлжан Сатаева тұрғын үй кешенінің маңайындағы ашық қалған құдыққа құлап кеткен. Құдықтың ішінен ыстық су құбырлары өткен. Әйел адамды күйік шалып, 11 күннен кейін ауруханада көз жұмған, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты "Диапазон" газетіне сілтеме жасап.

Полиция қылмыстық істі әйел адам қайтыс болғаннан кейін ғана қозғаған. Бірақ кейін белгісіз себептермен іс тоқтатылған.

Қазіргі таңда адвокаттың араласуынан кейін ғана қалалық прокуратура істі тоқтату туралы шешімді жойды.

Осы оқиға бойынша полиция департаменті ресми түсініктеме берді. Тергеу жүріп жатқаны белгілі болды.

"Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр. Тергеу барысында бейнебақылау камераларындағы жазбалар алынған, олар зерттеліп жатыр, куәгерлерден жауап алынуда. Сонымен қатар оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған басқа да тергеу амалдары жүргізіліп жатыр", - делінген хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу