Ақтөбеде күйік шалған теміржолшы ауруханада көз жұмды

386

Оқиға 13 қазанда болған.

Ақтөбеде күйік шалған теміржолшы ауруханада көз жұмды Фото: kaz.inform.kz

Ақтөбе облысында күйік шалған екі теміржолшының бірі ауруханада қайтыс болды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Екінші жұмысшы санавиациямен Астана қаласына жеткізілген.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, зардап шеккендер Шалқар аудандық ауруханасынан №1 Ақтөбе қалалық көпсалалы ауруханасына жеткізіліп, ем қабылдаған. Алайда бір науқастың өмірін сақтап қалу мүмкін болмады.

Оқиға 13 қазанда болған. Жәбірленушінің қызы Алмагүл Қасымова сол кезде әкесінің жағдайы ауыр екенін айтып, көмек сұрады. Екі жұмысшы да "Қазақстан темір жолы" мекемесіне қарасты екпе ағаштар дистанциясында еңбек еткен. Алдын ала мәлімет бойынша, өрт жанар-жағармай құю кезінде шыққан.

Қазір Ақтөбе облыстық еңбек инспекциясы департаменті оқиғаға қатысты тергеп-тексеру жүргізіп жатыр. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу