Ақтөбеде үстіне аялдама құлаған әйел ауруханада жатыр

766

Ақтөбеде қатты дауылдың салдарынан аялдама құлады.

Ақтөбеде үстіне аялдама құлаған әйел ауруханада жатыр

Ақтөбеде қатты дауылдың салдарынан аялдама құлап, жолаушыларды басып қалды, деп хабарлайды 24.kz.

Екі бала мен бір келіншек жеңіл жарақат алған. 49 жастағы қала тұрғыны Сәния Сафинаның омыртқасына зақым келіп, ауруханада жатыр.

Осы оқиғадан кейін коммуналдық қызмет аялдаманы алып тастады. Қалалық әкімдіктегілер болса, бұл нысанның пайдалануға берілмегенін айтады. Олардың мәлімдеуінше, аялдама маңында әлі де жол жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

"Есімді жинағанда балам ұстап тұра алмаймын деп айқайлап жатыр. Менің орнымда кішкентай бала болғанда, шетінеп кететін еді", - дейді қала тұрғыны Сәния Сафина.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу