Ақтөбеде таңқураймен қатар биыл құлпынай өсіру қолға алынады, деп хабарлайды аktobenews.kz.
Хромтау трассасының бойында аумағы 1,1 гектар жерге құлпынай жылыжайы салынады.
"Былтыр 45 гектар таңқурайдан 120 тонна өнім алынды. Қаладағы сауда нүктелерінде таңқурай тосабы сатылды. Сұраныстың жоғары екені байқалды. Биыл піскен өнімді жинайтын комбайн алады. Сонымен қатар суармалы жерлерді қалпына келтіру мақсатында 300 гектар жер берілді. Енді таңқурай аумағы ұлғайды. Мейлінше көрші облыстарды қамтуға болады", – дейді Ақтөбе облысының ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Құсайын Сәрсенбай.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу