Биіктігі 38 метрге жететін субұрқақты 40-тан астам әуені бар аудиожүйе сүйемелдеп тұр.
– Жарық шамдар, одан бөлек отты және лазерлік шоу түнгі мезгілде фонтанға ерекше көрік береді. Жөндеу жұмыстары барысында 10 жыл бұрын пайдалануға берілген тоғанның бетон жабындысы қалпына келтірілді. Гидрооқшаулау жұмыстары жасалды. Жалпы бұл жерде субұрқаққа да, тоғанға да ерекше сән беретін күрделі жұмыстар орындалды. Мамандар мұны екі айға жуық уақытта аяқтап отыр. Лазерлік шоу және отты фаер-шоу да субұрқақпен бірге іске қосылды. Қыркүйек айының соңына дейін субұрқақ жұмысы жалғасады. Күн жылы болса қазан айында да жұмыс істейді, – деп хабарлады Ақтөбе қаласы әкімінің баспасөз қызметі.
Айта кетейік, мердігер қыс мезгілінде консервацияға жауып, келесі маусымда барлық жүйесін қосуды, күтіп ұстауды міндетіне алып отыр.