Ақтөбеде құтқарушылар төрт адамды аман алып қалды

588

Оқиға Елек өзенінде болған, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Ақтөбеде құтқарушылар төрт адамды аман алып қалды Фото: ТЖД баспасөз қызметі

Демалыс базасына барғандар катамаранмен жүзіп бара жатқанда ағыс алып кеткен. Өзен жағасындағылар дереу құтқару қызметіне хабарласып, көмек сұрайды. Қайықта 14 жастағы екі жасөспірім мен 20 жастағы азамат болған. 

Құтқарушылар катамарандағыларды аман-есен судан алып шығып келе жатқанда , өзеннің арғы бетінде тағы бір адам батып бара жатқанын байқайды. Жедел жетіп, 25 жастағы ер адамды да аман-есен алып қалды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу