Ақтөбеде құтқарушылар жолда қалған 63 өзбекстандықты эвакуациялады

475

Ақтөбе облысында 12 наурызда түнде жолаушылар автобусы сынып, ондағы Өзбекстан азаматтары жолда қалған.  

Ақтөбеде құтқарушылар жолда қалған 63 өзбекстандықты эвакуациялады Фото: gov.kz

12 наурызда Ақтөбе облысы ТЖД-ның 112 құтқару қызметіне Әйтеке би ауданы маңында Қарабұтақ-Қостанай тас жолының 144 шакырымында автобус бұзылып тұрып қалғандығы туралы ақпарат келіп түсті, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Шақырту орнына құтқарушылар мен техника жіберілді.

Құтқарушылардың жедел әрекетінің арқасында Өзбекстанның 63 азаматы Әйтеке би аудандық мектебіне орналастырылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу