Ақтөбеде қылмыстық топ құрықталды

783

Ақтөбеде қылмыстық топ құрықталды

Ақтөбеде мемлекеттік кірістер комитетінің экономикалық тергеу қызметі мен облыстық ішкі істер департаментінің арнайы жасағы қылмыстық топты құрықтады. Бұл туралы 24.kz хабарлайды.

16 мамыр күні 100 тоннадан астам дизель отынын заңсыз саудаға салған 4 адам қолға түсті.Олардың арасында дәстүрлі емес діни ағымның мүшелері де бар. 12 мекен-жайда тінту шараларын жүргізген мамандар ақшалай айғақ заттар мен қару-жарақтарды, діни әдебиеттер мен  заңды тұлғалардың мөрі басылған штамптарды тәркіледі. Тергеу амалдары жалғасуда.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу