Ақтөбеде қыздар төбелесіне қатысты іс тоқтатылды

951

Қылмыстық іс қозғауға қыздардың жасы жетпеген.

Ақтөбеде қыздар төбелесіне қатысты іс тоқтатылды

Ақтөбе облысындағы Кеңқияқ елді мекенінде төбелескен оқушы қыздарға қатысты "бұзақылық" бабымен қозғалған қозғалған қылмыстық іс тоқталды.

Еске түсіре кетсек, осыдан бір ай бұрын хиджаб киген 8 және 9 сыныпта оқитын қыздардың төбелесі түсірілген видео тарап, қоғам талқысына түскен. Кейін олар оқитын үш мектептің директоры орындарынан бір босап, қайта тағайындалды да, білім ошағы басшыларын кінәлі деп тапқан Темір аудандық білім беру бөлімі бастығына қатаң сөгіс жарияланды. 

Қазір төбелеске қатысқан қыздар кәмелеттік жасқа толмағандықтан, қылмыстық жауапкершіліктен босатылып отыр. Алайда олардың әке-шешелерінің үстінен бала тәрбиесіне жауапкершілікпен қарамағаны үшін әкімшілік іс қозғалған.

"Кәмелекетке толмаған қыздардың төбелесу дерегі бойынша қылмыстық іс қылмыстық жауапкершілікке тарту жасына жетпеуіне байланысты тоқтатылды, өйткені осы бап бойынша қылмыстық жауапкершілік ҚР ҚК нормаларына сәйкес 16 жастан басталады. Материал ҚР ӘҚБт К-нің 127-бабының 3-бөлігі бойынша әкімшілік іс жүргізуге бөлінді және шешім қабылдау үшін мамандандырылған әкімшілік сотқа жіберілді", – деп хабарлайды Ақтөбе облыстық ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі.

Құралай Қуатова
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу