Ақтөбеде қызмет ету мерзімі өтіп кеткен 282 жеделсаты анықталды

959

Ескі лифтілерді жаңарту үшін 2 миллиард теңгеден астам қаржы керек. 

Ақтөбеде қызмет ету мерзімі өтіп кеткен 282 жеделсаты анықталды

Ақтөбедегі жеделсатылардың жартысы адам өміріне қауіпті, деп хабарлайды 24.kz.

Ескі лифтілерді жаңарту үшін 2 млрд теңгеден астам қаржы керек. 282 көтергіш механизмнің қызмет ету мерзімі әлдеқашан өтіп кеткен. "Өңірлерді дамыту" бағдарламасымен республикалық бюджеттен қаржы бөлу жоспарда бар.

Өткен жылдың соңында 5 жедалсаты ауыстырылды. Оған жергілікті бюджеттен 40 млн теңге бөлінген. Бұл қайтарымы бар қаражат. Яғни әр лифтіні алуға 8 млн теңге жұмсалса, тұрғындар ай сайын 3000 теңгеден қайтарып отырады.

Жалпы, 3 жыл бұрын терможаңғырту бағдарламасымен 35 жеделсаты жөндеуден өткен. Тұрғын үй инспекциясына тағы 50 үйдің тұрғындарынан өтініш түсіп тұр. Лифт шаруашылығындағы тағы бір мәселе-көтергіш механизмді сапалы жөндейтін маман тапшы.

"34 лифт техникалық себептерге байланысты жұмысын тоқтатып тұр. Және 282 лифт нормативтік қызмет мерзімі өтелген болып табылады. Қазіргі таңда біздің бөлімнің тарапынан жаңғырту бойынша түсіндіру жұмыстары жүріп жатыр. Аталмыш шара бойынша жұмыстар осы жылы жалғасады. Яғни қабылданған арыздар осы жыл ішінде ауыстыруға жоспарланып отыр", – дейді қалалық тұрғын үй қатынастары бөлімінің бас маманы Асхат Дүшкенов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу