Ақтөбеде қызылша індеті өршіп тұр

474

Санитар-эпидемиологтар аймақта ахуал тұрақты емес екенін айтады. 

Ақтөбеде қызылша індеті өршіп тұр Фото: jambylinfo.kz

Жыл басынан бері қызылша дертіне шалдығудың қ380 дерегі тіркелсе, соның 337-сі облыс орталығы - Ақтөбеде болған. 

"Қызылшамен ауырғандардың 85%-і екпе алмағандардың үлесіне тиеді. Көбісі 14 жасқа дейінгі балалар. Бірінші қыркүйектен бастап мектептерде 17 жағдай тіркелді. Соның ішінде Ақтөбенің өзінде 11 жағдай. Карантинге жабылған мектеп жоқ. Халықтың негізгі бөлігі  екпе алғандықтан, мектеп, балабақшаларды карантинге жабуға негіз жоқ", - деді Ақтөбе облыстық санитар-эпидемиологиялық департаменті басшысының орынбасары Мұхтар Сербаев.

Егер оқушы індет жұқтырған болса, сыныптастарын, араласқан адамның бәрін бақылауға алады. Егер қарым-қатынас жасаған адамдар арасында 30 жасқа дейін екпе алмағандар болса, олар вакциналанады. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу