Ақтөбеде қызылша жұқтырғандар ауруханаға сыймай жатыр

381

Еліміздің батыс өңірінде қызылша белең алған.

Ақтөбеде қызылша жұқтырғандар ауруханаға сыймай жатыр Фото: Inbusiness.kz

Ақтөбеде 75 орындық инфекциялық ауруханада 81 науқас ем алып жатыр. Сондықтан қосымша 80 орындық стационар дайындалған. 

Жалпы облыста жыл басынан бері 828 адам қызылшамен ауырған. Ал Атырауда бұл дертке шалдыққандар саны жеті есе көбейді. Тамызда 36 адам жұқтырса, қыркүйекте бұл сан 260-қа жетіпті. Жыл басынан бері өңірде 1009 науқас тіркелген. Оның басым бөлігі 14 жасқа толмаған балалар.

"Тіркелген жағдайлардың 88 пайызы немесе 520 жағдай қызылшаға қарсы мүлдем екпе алмаған балалар. Атап айтқанда түрлі профилактикалық екпелерден ата-аналардың ерікті түрде бас тартуы себебінен, мына түрлі медициналық қарсы көрсеткіштерден және еркеге балалардың жасы жетпеуіне байланысты екпелерін алмаған", – дейді Атырау облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің бөлім басшысы Айнагүл Сәрсенғалиева.  

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу