Ақтөбеде лаңкестердің ісі сотта қаралуда

1261

 Ақтөбеде лаңкестердің ісі сотта қаралуда

Ақтөбеде биыл 5 маусымда лаңкестік шабуыл жасаған 29 адамның ісі алдын ала тыңдалып жатыр. Қылмыстық іс бойынша сот отырысына  облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасы Нұрлан Сұлтанов төрелік етуде.

"Сот залында сотталушыларға барлық жағдай жасалған. Оларға арнайы тұрмыстық қажеттіліктер орнатылды. Ас ішетін орын, әжетхана жасақталды. Ал сот ғимаратында 20 бейнекамера орнатылған. Екі аудио жазба құралы да бар. Сонымен қатар, сотталушылардың әр қадамын бақылап отыру үшін ғимаратқа камера түгел орнатылды", - дейді облыстық соттың баспасөз хатшысы Илиада Досова.

Айта кетейік, 29 сотталушыны 27 адвокат қорғайды. 201 томнан тұратын қылмыстық істе 88 жәбірленуші, 48 куәгер бар. Бүгін алдын ала сот тыңдауына сотталушылардың туыстары келген жоқ. Ал сотталушыларды арнайы күзет жергілікті уақытпен 7:30-да әкелді. Сот ғимаратын жергілікті полиция қоршап, қауіпсіздік шарасы күшейтілді. Қаладағы Шәмші Қалдаяқов көшесі уақытша жабылды.

BNews.kz

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу