Ақтөбеде макулатураны өңдеп, қағаз бен картон өндіретін жаңа кәсіпорынның құрылысы жүріп жатыр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
"CAPITAL PLAST KZ" ЖШС жобасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің қолдауымен, "Жасыл даму" АҚ бағыттаған кәдеге жарату төлемдері есебінен қаржыландырылуда.
Жаңа зауыт жылына 42 мың тоннаға дейін өнім шығара алады. Кәсіпорында 300-ден астам жұмыс орнын ашу жоспарланған.
Зауытты 2027 жылы пайдалануға беру көзделіп отыр.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу