Ақтөбеде мал ұрлаған топтың арасында әйел де бар

901

9 күдікті қолға түсті.

Ақтөбеде мал ұрлаған топтың арасында әйел де бар

Ақтөбе облыстық полиция қызметкерлері өңірде бірнеше рет мал ұрлаған күдіктілерді ұстады. Олардың арасында әйел адам да бар, деп хабарлайды аktobenews.kz.

Полиция қызметкерлері Ойыл ауданындағы мал ұрлығына қатысы бар деген күдікпен облыстың 9 тұрғынын ұстады. Күдіктілердің Қобда және Алға аудандарындағы ұрлықтарға да қатысы бар екені анықталды.

"Күдіктілер малды мүшелеп, алдын ала дайындалған көлікке тиеп, әрі қарай Ақтөбе қаласында саудалаған. Көліктердің бірінің жүргізушісі әйел адам. Қазіргі кезде 5 мал ұрлау дерегі анықталды. Барлығы тоғыз адам ұсталып, олардың біреуі уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу іс-шаралары жүргізілуде", – деп хабарлады облыстық ПО баспасөз қызмет

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу