Ақтөбеде мал ұрлығымен айналысқан қылмыстық топ ұсталды

697

Әзірге олар жасаған бес ұрлық әшкереленген.

Ақтөбеде мал ұрлығымен айналысқан қылмыстық топ ұсталды

Ақтөбе облысының Мұғалжар ауданында мал ұрлығымен айналысқан 6 адамнан тұратын қылмыстық топ құрықталды. Олар ұрланған малды Ақтөбе және Қандыағаш қалаларының базарларында сатқан, деп жазды inbusiness.kz.

"Құрамында 6 адам бар қылмыстық топ ұсталды. Қазіргі уақытта аталған қылмыстық топтың Мұғалжар ауданы аумағында мал ұрлығының 5 дерегіне қатыстылығы дәлелденді. Күдіктілердің облыс аумағында мал ұрлығын жасауға қатыстылығы тексерілуде", - деп хабарлады облыстық полиция департаментінің бастығы Атығай Арыстанов.

Қылмыстық топты қолды болған төрт түліктің кезекті партиясын өткізу кезінде Мұғалжар аудандық полиция бөлімшесінің қызметкерлері құрықтаған, сөйтіп, оқиға орнында 6 бас ірі қара және "ГАЗель" автокөлігі тәркіленеді. Аталған факті бойынша ҚК-нің 188-1-бабының 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп, күдіктілер қамалған. Олардың кінәсі дәлелденген жағдайда үш жылға бас бостандығынан айырылмақ. 

Құралай Қуатова 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу