Ақтөбеде мәнерлеп сырғанаудан Қазақстан біріншілігі басталады

1010

Ел чемпионатына аймақтардан жалпы есебі 60-қа жуық спортшы қатысады.

Ақтөбеде мәнерлеп сырғанаудан Қазақстан біріншілігі басталады

Ұлттық біріншілікке спорт шеберлігіне үміткерлер мен спорт шеберлері қатысады, деп хабарлайды olympic.kz.

Қазақстан чемпионатында ұлттық құрама мүшелері - Айза Имамбек, Рахат Бралин және Алана Тоқтаровалар да бақ сынайды. 

Еске сала кетейік, Алана Тоқтарова мен Рахат Бралин Загребтегі халықаралық турнирде қола медаль жеңіп алған болатын. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу