Ақтөбеде мәнерлеп сырғанаудан Қазақстан чемпионаты басталды

860

 Жарыстың салтанатты түрде ашылуына Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев қатысып, спортшыларға сәттілік тіледі. 

Ақтөбеде мәнерлеп сырғанаудан Қазақстан чемпионаты басталды

Ақтөбеде мәнерлеп сырғанаудан Қазақстан біріншілігі басталды. Ел чемпионатына Айза Имамбек бастаған ұлттық құрама үздіктері де қатысуда, деп хабарлайды Olympic.kz. 

Ұлттық біріншілік қалада жаңадан ашылған мұз сарайында өтуде. Жарыстың салтанатты түрде ашылуына Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев қатысып, спортшыларға сәттілік тіледі. 

Қазақстан чемпионатына жалпы есебі 60-қа жуық спортшы қатысуда. Олардың ішінде спорт шебері, спорт шеберлігіне үміткерлер, жасөспірімдер мен жастар бар.

Ұлттық құрама мүшелері Айза Имамбек, Рахат Бралин және Алана Тоқтаровалар да чемпионатта бақ сынайды. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу