Ақтөбеде мас күйде көлік басқарған зейнеткер ұсталды

263

Жүргізуші бұрын көлік құралдарын басқару құқығынан айырылғаны анықталды.

Ақтөбеде мас күйде көлік басқарған зейнеткер ұсталды Фото: Polisia.kz

"24 шілдеде сағат 23.40 шамасында Ақтөбе – Астрахан тас жолының 45-шақырымында полиция қызметкерлері жол-қозғалысы ережесін бұзғаны үшін 66 жастағы жергілікті тұрғынның басқаруыдағы Renault Duster автокөлігін тоқтатты. Жүргізуші бұрын көлік құралдарын басқару құқығынан айырылғаны анықталды. Медициналық куәландыру қорытындысына сәйкес, жүргізуші алкогольдік масан күйінде болған", делінген ІІМ баспасөз қызметінің мәліметінде.

Осы факті бойынша ҚР ҚК-нің 346-бабы 1-бөлігі бойынша бойынша тергеу әрекеттері жүргізілуде. Автокөлік полиция бөлімінің аумағында тұраққа қойылды. Жүргізуші уақытша ұстау изоляторына қамалды. 

Ер адамға бес мың АЕК мөлшерінде айыппұл салынады немесе бес жылға бас бостандығынан айырылады және өмір бойы көлік құралдарын басқару құқығынан айырылады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу