Ақтөбеде №31 орта мектеп оқушысы 14 жастағы Айнұр Өтеген жоғалып кетті. Ол 30 наурыз күні үйінен шығып кетіп, қайта оралмаған, деп хабарлайды inform.kz.
"Қазір іздестіру шарасы жүріп жатыр. Оқушы осыған дейін бірнеше рет із-түзсіз үйінен шығып кетіп, артынан аман-есен табылған", – дейді облыстық ІІД баспасөз қызметі.
Оқушының фотосы мен байланыс телефоны әлеуметтік желі арқылы таратылып жатыр. Бойы – 160-165 см. Ол үстіне жасыл түсті күртеше, қара шалбар киген. Қазіргі уақытта құқық қорғаушылар адам көп шоғырланатын орындар мен жалдамалы пәтерлерді тексеріп жатыр. Демалыс орындары да басты назарда.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу