Ақтөбе облысы Шалқар қаласында жоғарғы сынып оқушылары арасында жанжал туып, 16 жастағы жасөспірім пышақ жарақатын алды, деп хабарлайды облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Оқиға апта басында орын алған.
Таратылған ақпарат бойынша, жанжалға қатысқандардың бәрі анықталып, аталған қылмысқа кінәлі деген күдікпен 9-сынып оқушысы ұсталған.
Қазір Қылмыстық кодекстің 99 бабы (Адам өлтiру) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу