Ақтөбе облысында Шалқар аудандық білім бөлімінің бұрынғы басшысы қамауға алынды. Бұл ақпаратты аудан әкімі растады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Оның ұсталғаны туралы ақпарат әлеуметтік желіде тараған. Ақпаратта экс-шенеунік қарамағындағылардан 20 млн теңгеге дейін ақша жинағаны айтылады.
Әзірге аудан әкімі Шалқар аудандық білім бөлімінің басшысы Қази Жұмахановтың ұсталғанын растады.
39 жастағы Қази Жұмаханов Шалқар ауданы білім бөлімі басшысы қызметін бір жылдан аса уақыт атқарды. Ол аталған қызметке 2023 жылдың 5 қаңтарында тағайындалған.
Сондай-ақ, ол 2024 жылдың 24 сәуір күні Шалқар ауданы білім бөлімі басшысы қызметінен өз еркімен босатылған.