Ақтөбеде мектептерге "жарылғыш зат" қойды деп ақпарат таратқан адамды іздестіріп жатыр

676

"Терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлау" бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Ақтөбеде мектептерге "жарылғыш зат" қойды деп ақпарат таратқан адамды іздестіріп жатыр

Жедел түскен ақпаратта "Назарбаев зияткерлік мектебі" ғимаратында, сондай-ақ №2, №14 және №31 орта мектеп ғимараттарында жарылыс құрылғысы бар екендігі айтылады. Дереу шұғыл қызметтер мен саперлер тобы ғимаратты тексеріп, ешқандай жарылғыш құрылғылар таппады.

Дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодекстің "Терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлау" бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Полиция департаменті терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлау қылмыстық құқық бұзушылық болып табылатынын ескертеді.

Зада Зейін

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу