Ақтөбеде №40 орта мектептің акт залындағы киім ілетін бөлменің керме төбесі құлап, оқушылардың үстіне түсті, деп хабарлайды 24.kz.
Оқыс оқиға болған кезде бөлмеде 9 оқушы болған. Олар бірден қауіпсіз жерге шығарылып, жедел жәрдем шақыртылды. Мұғалімдер зардап шеккен балалардың ата-аналарына хабар берген. Оқушылар облыстық балалар ауруханасына жеткізілген. Дәрігерлердің тексеруінен кейін 8 бала үйіне жіберілген. Бір оқушы ауруханаға жатқызылған.
Мектеп 2009 жылдың ақпан айында тапсырылған. Жыл сайын жөндеу жасалады. Осы оқиғаға байланысты қала әкімдігі арнайы комиссия құрды.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу