Ақтөбеде мемлекетке 272 миллион теңге залал келтірген шенеунік сотталды

Мұндай үкім №2 Ақтөбе қалалық сотында оқылған. 

Ақтөбеде мемлекетке 272 миллион теңге залал келтірген шенеунік сотталды Фото: Caravan.kz

Шенеунік "Сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алу немесе талан-таражға салу" бабы бойынша айыпты деп танылып отыр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Осылайша, Жол қозғалысы қауіпсіздігі мен цифрлық технологияларды қамтамасыз ету орталығының басшысы Абзал Тильмағамбетов 8 жылға бас бостандығынан айырылды.

Ол жазасын қауіпсіздігі орташа түзету мекемесінде өтейді және өмір бойына мемлекеттік, квазимемлекеттік мекемеде жұмыс істей алмайды.

Сонымен бірге сотталушы Аслан Кусумов та "Сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алу немесе талан-таражға салу" бабы бойынша айыпты саналды. Сот оны 7 жылға бас бостандығынан айырды. Ол 10 жыл белгілі бір басшылық қызметті атқара алмайды.

– Абзал Тильмағамбетов 2023 жылдың сәуір-қараша айлары аралығында қызметтік өкілеттігін жеке және бөгде адамдардың мүддесі үшін пайдаланып, мемлекеттік сатып алуларды ұйымдастырған. Ол "А" ЖШС-нің мемлекеттік сатып алуға қатысуын қамтамасыз етіп, жол белгілерін салуға қосымша келісімшарт жасаған. Жұмыстар орындалмағанына қарамастан жалған актілерге қол қойып, нәтижесінде мемлекетке 272 млн теңге көлемінде ірі залал келтірілген. Сотталушылардың кінәсі куәгерлердің жауабымен және іс құжаттарымен расталды, – деп хабарлады Ақтөбе қаласының №2 соты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу