Ақтөбеде мемлекеттік қызметкер ЭЦҚ кілті арқылы әкімнің атынан бюджет миллиондарын жымқырған

471

Темір ауданы Ақсай ауылдық әкімдігінің бас маманы алаяқтық жасағаны үшін сотталды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Ақтөбеде мемлекеттік қызметкер ЭЦҚ кілті арқылы әкімнің атынан бюджет миллиондарын жымқырған Фото: inbusiness.kz

Күдіктіде әкімнің атынан қол қою құқығы мен әкімінің электрондық цифрлық қолтаңбасы бар болған.

Ол 2020 жылдың сәуірінен 2022 жылдың желтоқсанына дейін әкімнің ЭЦҚ кілті арқылы бюджет қаражатын ұрлап, мемлекетке 14 миллион теңгеден астам шығын келтірген.

Оның 3 миллионы ауыл әкімдігі қызметкерлерінің іссапар ақысы мен жалақысын төлеуге деп алған. Серіктестіктермен және жеке кәсіпкерлермен заңсыз келісімшарт жасап, миллиондаған ақшаны жымқырған.  

Темір аудандық соты оны 4 жылға бас бостандығынан айырып, ұрлаған қаражатты мемлекетке қайтаруға міндеттеді.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу