Ақтөбеде мешітте қызға "бір реттік неке" ұсынған ер адам қамалды

582

Ақтөбе қаласының Әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Талғат Ахметовке қатысты іс қаралды, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Ақтөбеде мешітте қызға "бір реттік неке" ұсынған ер адам қамалды Фото: Ақтөбе облыстық ПД

Іс Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 449-бабының 2-бөлігі бойынша қозғалды.

Сотта Т.Ахметовтің бұған дейін де әкімшілік жауапқа тартылғаны, соған қарамастан 24 шілде күні сағат 17:30-да "Нұр ғасыр" мешітінің кіре берісінде, яғни қоғамдық орында өзі танымайтын қызға сексуалдық сипаттағы ұсыныс жасап, мазалағаны туралы айтылды.

Т.Ахметов сот отырысында кінәсін ішінара ғана мойындады. 

– Талғат Ахметов ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 449-бабының 2-бөлігімен кінәлі деп танылсын, оған 5 тәулікке әкімшілік қамаққа алу жазасы қолданылсын. Әкімшілік қамаққа алу мерзімі 2025 жылғы 29 шілдеден бастап есептелінсін, деді судья А.Бисеналина.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу