Ақтөбеде мұғалімнің денесі табылды

200

Қазір полиция мән-жайды анықтап жатыр. 

Ақтөбеде мұғалімнің денесі табылды Фото: polisia.kz

Мұғалім Темір ауданы Еңбекші ауылындағы мектеп-балабақшаға бір жыл бұрын ғана ауысып барған, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Оқиға Ақтөбе облысы Темір ауданы Еңбекші ауылында болды.

– Темір аудандық полиция бөлімі 2002 жылы туған азаматтың өліміне қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады. Тергеу барысында оқиғаның барлық мән-жайы анықталатын болады. Тергеу мүддесіне сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды, – деп хабарлады Ақтөбе облыстық ПД баспасөз қызметі.

Ал Ақтөбе облыстық білім басқармасының хабарлауынша, жас маман былтыр ғана мектеп-балабақшаға ауысып, тарих пәнінен сабақ берді.

– Ол тарих пәнінің мұғалімі. Еңбек жолын Маржанбұлақ ауылынан бастаған. 2025 жылдың ақпанынан бастап Еңбекші мектеп-бақшасында жұмыс істеді. Жұмысын жауапкершілікпен атқарды, басшылық тарапынан ескертулер болмады, – деп хабарлады Ақтөбе облыстық білім басқармасы. Мұғалімнің денесі ауылда өзі тұратын үйден табылған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу