Ақтөбеде мүгедек адам ХҚКО ғимаратына тізерлеп кіруге мәжбүр болды

455

Ғимаратта мүгедек жандарға арналған лифт істен шыққан.

Ақтөбеде мүгедек адам ХҚКО ғимаратына тізерлеп кіруге мәжбүр болды Фото: Диапазон

Ақтөбеде ХҚКО-ға барған мүмкіндігі шектеулі ер адам ғимаратқа баспалдақпен тізерлеп кіруге мәжбүр болды. Өйткені мүгедек жандарға арналған лифті істемейтін болып шыққан, деп хабарлайды inbusiness.kz Диапазон басылымына сілтеме жасап.

Мүмкіндігі шектеулі жанның айтуынша, бұл бірінші рет болып тұрған жаңдай емес.

"Мен осымен төртінші мәрте осылай тіземмен көтерілуге мәжбүрмін. Бірінші рет мен бір жыл бұрын куәлікті өзгерттім, екінші рет карточканы ауыстырдым. Содан кейін маған анықтама алу керек болды. Олар үнемі сылтау айтады және әркез лифт жұмыс істемейді. Себептері таусылмайды. Адамдардың маған арбаны көтеруге көмектесетіні жақсы. Мүмкіндігі шектеулі жалғыз мен емес қой. Көбі осылай көтерілуге мәжбүр", - деп бөлісті Вячеслав.

ХҚКО-да лифтінің жөнделіп жатқанын мәлімдеді, бірақ өкінішке қарай, оны алмастыратын басқа мүмкіндік қарастырылмаған.

"Лифт 2018 жылы орнатылды, оның қызмет ету мерзімі бес жыл. Ақаулар болды, лифт бұзылды. Біз шынжыр табанды ауыстырдық. Лифт күрделі жөндеуді қажет етеді. Біз қазір жасап жатырмыз. Алдағы күндері іске қосылады", деді Ақтөбе облысы бойынша "Азаматтарға арналған үкімет "мемлекеттік корпорациясы" филиалының PR-менеджері Асылгул Айдарова.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу