7 ақпанда Ақтөбе облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Ақтөбе облысы бойынша Еңбек және әлеуметтік қорғау комитеті департаментінің №4 медициналық-әлеуметтік сараптама бөлімінің басшысына қатысты қылмыстық істі тергеп жатқаны белгілі болды, деп хабарлайды inbusiness.kz.
Ол медициналық-әлеуметтік сараптамадан өту кезінде мүгедектік мерзімдерін белгілеу және ұзарту үшін мүгедектігі бар адамдардан 1 200 000 теңге көлемінде бірнеше рет пара алған деп күдікке ілінді.
"Тергеу соты күдіктіге қатысты "электронды білезікті" қолдана отырып," үй қамағына алу жөнінде шешім қабылдады", - деді Антикор баспасөз қызметі.
Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда.
Тергеу мүддесі үшін өзге де ақпарат жария етілмейді.