Ақтөбеде мүгедектігі бар ана мен үш баласына 25 млн теңге өндірілді

226

Осылайша, прокурорлар бір отбасының мүліктік құқықтарын қорғады.  

Ақтөбеде мүгедектігі бар ана мен үш баласына 25 млн теңге өндірілді Фото: ЖИ

Ақтөбе қаласының прокуратурасы мүгедектігі бар ана мен оның үш кәмелетке толмаған баласының мүліктік құқықтарын қорғады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

2021 жылы балалардың әкесі өндірістік жарақат салдарынан қайтыс болған. Осыған байланысты жұмыс беруші отбасына келтірілген зиянды өтеу үшін 25 млн теңге төлеген. Алайда бұл қаражатты балалардың әжесі алып, жеке мақсаттарына жұмсаған.

Осыған байланысты прокуратура отбасының құқықтарын қорғау үшін сотқа талап арыз түсірді. 2026 жылғы 25 мамырда Ақтөбе облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты прокурордың талабын қанағаттандырып, жауапкерден 25 млн теңге өндірді.

Сот шешімі заңды күшіне енді. Нәтижесінде отбасының бұзылған мүліктік құқықтары қалпына келтірілді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу