Ақтөбеде мүмкіндігі шектеулі жандарға 50 мың теңгеден беріп жатыр

503

Конституция күнне орай берілетін көмекті 23 621 адам алады.

Ақтөбеде мүмкіндігі шектеулі жандарға 50 мың теңгеден беріп жатыр Фото: inbusiness.kz

Облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының мәліметінше, бір реттік материалдық көмек былтырдан бері беріліп келеді. Ол үшін бюджеттен қаражат қарастырылған. Биыл бұл мақсатқа 1,2 млрд теңге бөлінген.

"Көмекті алу үшін ешқандай құжат жинап, тапсырудың қажеті жоқ. Бізде барлық мәліметтер базада бар.  Сол арқылы банктік шоттарына аударылады. Материалдық көмек I топтағы мүгедектігі бар 2200 адамға, II топтағы 7500 және  III топтың мүгедектігі бар 4900 адамға тағайындалды. Одан бөлек 4900 бала да алады",- деді облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Асланбек Шүйіншәлиев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу