Ақтөбеде мұнай компаниясы қысқартқан 400-ге жуық жұмысшысын қайта жұмысқа шақырып жатыр

853

Ақтөбеде мұнай компаниясы қысқартқан 400-ге жуық жұмысшысын  қайта жұмысқа шақырып жатыр

"Ұлы қабырға" "Қазақстан-Қытай біріккен кәсіпорны" ЖШС өндіріс көлемінің төмендеуіне байланысты өткен жылы бірқатар жұмысшыларын қысқартты. Қазіргі күні жұмыс істегеі тиіс 367 жұмысшы ақысыз демалыста жүр. Осы мәселелер бойынша облыс әкімі Бердібек Сапарбаев кәсіпорын басшылығына дұрыс шешім қабылдауды тапсырған болатын.

"Востокнефть және сервистік қызмет көрсету" ЖШС-да өткен ұжымдық шарттар мен әлеуметтік міндеттемелердің орындалуы жөніндегі жиында "Қазақстан-Қытай біріккен кәсіпорны "Ұлы қабырға" ЖШС-ның  бас директоры Чжан Цзюнь есеп беріп, мәселенің оң шешімін табатынын айтты.

Оның айтуынша, серіктестікте 902 адам есепте тұрса, оның 510-ғана қазіргі күні кәсіпорында жұмыс істеп жатыр. Ал наурыз айында ақысыз демалыстағы 150 адам және айдың соңында 90 адам жұмысқа қосылады. Сәуір айында 45 адам өндірістегі жұмысына кіріссе, қалғандары  мамыр айының ішінде жұмысына қосылады.   

"Ақысыз демалыста жүрген жұмысшыларға 1 наурыздан бастап орта жалақысының 50 пайызы мөлшерінде еңбекақы төленеді. Мекеме бірде-бір адамды жұмыстан қысқартпайды. Мамыр айының соңына дейін үйде отырғандарды түгел шақырып аламыз. Сонымен бірге  жұмысшы-қызметкерлердің жалақысын өсіру де ойымызда бар", — деді Чжан Цзюнь.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу